«Союз МС-28» кемесі Халықаралық ғарыш станциясынан шығарылды, деп хабарлады Роскосмос. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков, Сергей Микаев және америкалық астронавт Кристофер Уильямс орбитада болған жеті айдан кейін Жерге оралады. Экипаж 2025 жылдың қараша айынан бастап Халықаралық ғарыш станциясында тұрып, жұмыс істеді.
Түсірілетін аппараттың қонуы Астана уақыты бойынша сағат 17:25-те Қазақстандағы Жезқазған қаласынан 147 км қашықтықта белгіленеді.
