«Союз МС-28» кемесінің қону аппараты Жезқазған қаласы маңындағы аумаққа сәтті қонды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бортта ресейлік ғарышкерлер Сергей Кудь-Сверчков пен Сергей Микаев, сондай-ақ NASA астронавты Кристофер Уильямс болды. Ресей-америкалық экипаж 2025 жылдың 27 қарашасынан бері Халықаралық ғарыш станциясында қызмет атқарды.
