Федералдық судья жұма күні Ақ үйдің Оңтүстік көгалдарында UFC шоуын өткізуге тыйым салудан бас тартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ округтік судьясы Амит Мехтаның шешімі ұйымдастырушыларға жексенбі күні жоспарланған UFC аралас жекпе-жек өнері іс-шарасын Ақ үйдің көгалдарында өткізуге жол ашты. Сот іс-шараға қарсы талапкерлердің заңды негізі жоқ екенін және оларға қайтымсыз зиян келтірілетінін дәлелдей алмағанын атап өтті. Сондай-ақ, судья талапкерлердің бірнеше ай бойы дайындалып келген іс-шараға қарсы шағымды кешіктіріп бергенін сынға алды.

Іс-шара АҚШ-тың 250 жылдығы мен президент Дональд Трамптың 80 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр. Ақ үйдің Оңтүстік көгалдарында арнайы ринг орнатылған. Бұл Ақ үй тарихындағы алғашқы UFC жекпе-жегі болмақ.