Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданында үш бала ауруханаға жеткізілді. 3, 5 және 8 жастағы балалар көшеде ойнап жүріп, жидек терген. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың нақты қандай жиек жегені және қанша мөлшерде тұтынғаны әзірге белгісіз. Алдымен балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, қажетті тексеруден өтті.
Кейін үшеуі де Петропавлдағы облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлердің мәліметінше, балалардың жағдайы қанағаттанарлық.
Үшеуі де есін біледі және қажетті ем қабылдап жатыр.
