Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданында үш бала жидектен уланып қалған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі отбасының үш баласы көшеде ойнап жүріп жидек жеген. Бірінің әкесінің айтуынша, қанша жидек жегендері белгісіз.
Балалар аудандық ауруханаға жеткізіліп, кейін облыстық ауруханаға тасымалданған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы үш баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық дейді.
«3 жасар баланың жағдайы қанағаттанарлық, есін біледі, тәбеті жақсы. 5 жастағы баланың да жағдайы қанағаттанарлық. Санасы бұзылмаған. 8 жастағы баланың да жағдайы жақсы, ем алып жатыр», — дейді Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы.
Балалардың ауруханада қанша уақыт ем алатыны әзірге белгісіз.
