Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Бескөл елді мекенінде адам сүйектері табылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құмды карьерді қазған экскаватор адам сүйектерін алып шыққан. Оқиға 8 қыркүйекте болған.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінің мәліметінше, 8 қыркүйекте экскаватор операторы екі бас сүйек пен басқа да сүйек қалдықтарын тапқан.

Қылмыстық сипаттағы белгілер анықталған жоқ.

«Қазіргі кезде қаңқалары кімге тиесілі екенін анықтау үшін сараптама жасалып жатыр», — дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.

Оқиға орнындағы фотосуреттерді СҚО полиция департаменті таратты.