Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданында механизатор химиялық заттардан уланып қайтыс болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қайғылы оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында болды. «Қазақ бидайы» ЖШС-нің 46 жастағы механизаторы егістік алқаптарын өңдеу кезінде пестицидтерден уланып қайтыс болды.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Механизатор Ленин ауылдық округінің егістік алқаптарында жұмыс істеп жүрген. Таңертең ол дақылдарды химиялық өңдеудің әдеттегі әдісін бастаған. Түн ортасынан кейін цистернаны агрохимикаттармен толтырып жатқанда кенеттен есінен танып қалған.

Әріптестері оны тез арада көлікке тиеп, аудандық ауруханаға бет алғанмен, ол жолда қайтыс болды. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аймақтық департаменті қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр.

Ал полиция қылмыстық іс қозғады. «Тимирязев ауданында тұрғынның қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, зерделеп жатыр», - дейді Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаментінде.

Полицейлер тергеу нәтижелері бойынша заңды процестік шешім қабылданатынын хабарлады.