Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында 74 жастағы зейнеткер әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция мәліметінше, қайғылы оқиғаға тұрмыстық жанжал себеп болған. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды. Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті: "74 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. Қылмыс жасады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды", – деп хабарлады.

Қазіргі уақытта кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.