Солтүстік Қазақстан облысындағы Бұлақ және Заречный ауылдық округтері әкімдіктерінің бухгалтерлері бюджет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды облыстық прокуратура. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, олар бюджет қаражатын өз есепшотына заңсыз аударып, бухгалтерлік құжаттарға жалған мәліметтер енгізген. Соның салдарынан Бұлақ ауылдық округінде 9,3 млн теңге, Заречный ауылдық округінде 17,8 млн теңге бюджет қаражаты жымқырылған.
Сот бухгалтерлерді кінәлі деп танып, айыптау үкімін шығарды. Оларға пробациялық бақылау белгіленіп, шартты түрде ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Сонымен қатар сотталғандар тиісінше 4 жыл және 5 жыл бойы бухгалтерлік қызметке және материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарға орналасу құқығынан айырылды, – деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.
