Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Петропавл – Көкшетау» автожолында Кременчуг ауылының маңында 5 көлік жол апатына түсті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 қазанда сағат 08:00 шамасында болған.

Апатқа үш жеңіл автомобиль және «КамАЗ» маркалы екі жүк автомашинасы қатысқан. Көліктер соқтығысқан.

«Апат салдарынан «Audi» жеңіл автокөлігінің үш жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды», — дейді полиция өкілдері.

Осы көліктің жүргізушісі және тағы бір жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған көлік құралдарының жүргізушілері зардап шеккен жоқ.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Апаттың себептері мен мән-жайлары анықталуда.