Солтүстік Кипр жағалауында бортында 279 адам бар паром апатқа ұшырады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, кеме жағалаудан 2-2,5 км қашықтықта суға батып бара жатыр. Белгісіз себептермен кеменің алдыңғы бөлігі арқылы су кіре бастаған.

Капитан портқа бағытты өзгерткен, алайда кеме аударылып қалған. Қазіргі уақытта құтқару-іздеу операциясы жүріп жатыр.