Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрлігі 23-34 қарашада Астана қаласынан Қазақстан Қарулы күштері авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
««Аталған іс-шара арнайы түтінді пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды», – делінген ресми хабарламада.»
—
Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейтіні атап өтілді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ.