Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады. Отандасымыз төрешілердің шешімімен 71,84 ұпай еншілеп, әзірге бесінші орында тұр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарыста жапониялық Мао Симада 82,11 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50), ал үздік үштікті эстониялық Нина Петрыкина (77,24) түйіндеді.

Қатысушылар еркін бағдарламаны Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні орындайды.