Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар жүгері алқабында адасып қалған әйелді тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға Қызылжар ауданының Якорь және Петерфельд ауылдары аралығында болған. 1993 жылы туған әйел Петерфельд ауылына жаяу бет алған, алайда жолдан адасып кеткен.

Құтқарушылар оның ұялы телефонының сигналы бойынша іздеу ауданын анықтады. Телефон Якорь ауылындағы құс фабрикасының маңында орналасқан.

Аумақты тексеру үшін ТЖД қызметкерлері ұшқышсыз ұшу аппаратын пайдаланды. Дронның көмегімен әйел Якорь ауылынан шамамен екі шақырым жердегі жүгері алқабынан табылды.

Бұған дейін «Курсив» Ақтөбеде жылан шағып алған 16 жасар жасөспірімнің реанимацияға түскені туралы жазған болатын.

Сондай-ақ, Атырау облысында пойыз дөңгелегі астында қалған ер адамның қаза тапқаны хабарланған.