SK Hynix компаниясы Samsung-ты басып озып, Оңтүстік Кореяның ең құнды компаниясы атанды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жартылай өткізгіштер өндірушісі SK Hynix нарықтық капитализация бойынша Samsung Electronics-ті артта қалдырды. Бұл Кореяның технологиялық индустриясындағы маңызды өзгерісті көрсетеді.