Сирия АҚШ-қа Ресей мұнай импортын күрт қысқартуға дайын екенін білдірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дереккөздердің айтуынша, бұл ұсыныс Сирия мен АҚШ арасындағы келіссөздер аясында айтылған. Сирияның бұл қадамы Ресейге тәуелділікті азайтуға бағытталған ықтимал қадам ретінде қарастырылуда.

Reuters агенттігінің эксклюзивті ақпаратына сүйенсек, Сирияның бұл ұстанымы аймақтағы геосаяси жағдайға әсер етуі мүмкін. Алайда, нақты шарттар мен мерзімдер әзірге белгісіз.