Қазгидромет 28 қыркүйекке ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстікте шаңды дауыл болжанып отыр.

Түнде және таңертең ел бойынша тұман түседі.

Түнде Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында, Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде 2-3 градус үсік, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі.

Атырау, Павлодар облыстарында, Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Ақмола облысының шығысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақтөбе облысының шығысында, Қызылорда облысының орталығында, Алматы облысының шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.