Сингапур 2023 жылы қала-мемлекетті дүр сілкіндірген $2,2 миллиардтық ақша жылыстату ісі бойынша полиция тәркілеген сәнді бұйымдарды аукционға қоя бастады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Заттар Le Freeport деп аталатын қорғалған сақтау қоймасында ұсталып тұр. BBC тілшісі Вандхна Бханға сол жерге кіріп, көз жүгіртуге рұқсат берілген.

Аукционға қойылған заттардың қатарында сөмкелер, зергерлік бұйымдар және сағаттар бар. Бұл — 2023 жылы Сингапурді дүр сілкіндірген $2,2 миллиардтық ақша жылыстату ісі аясында тәркіленген сәнді тауарлар.