Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты аталған елде жүрген Қазақстан азаматтарына үндеу жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

СІМ азаматтарға мынадай сақтық шараларын ұстануды ұсынады:

  • 01сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындау;
  • 02аса қажеттілік болмаса, әуежайларға бармау және рейстердің мәртебесін әуе компанияларынан алдын ала нақтылау;
  • 03адам көп жиналатын орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болу;
  • 04шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыру.

Төтенше жағдай туындаған кезде Қазақстан азаматтары Қазақстанның Эр-Риядтағы елшілігіне немесе Жиддадағы бас консулдығына хабарласа алады.

Жедел байланыс телефондары:

  • 01Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77;
  • 02Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Сыртқы істер министрлігі азаматтарды ҚР СІМ мен жергілікті құзыретті органдардың ресми ақпарат көздерін тұрақты бақылап отыруға шақырады.

Сауд Арабиясының астанасындағы әуежайға 10 және 11 қазанда шабуыл жасалды. Шабуылдарға жауапкершілікті Йемен хуситтері өз мойнына алды. Эр-Рияд әуежайына жасалған шабуылдардан қаза тапқандар саны 14-ке жетті.