Грекияның танымал туристік аралы Сифноста дүйсенбі күні жеке тікұшақ құлап, үш адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндіру қызметінің мәліметінше, тікұшақ Сифностың Толос аймағында құлап, өрт шыққан. Оқиға орнынан үш адамның мәйіті табылған.

Құрбандардың жеке басы және апаттың себебі әзірге белгісіз.