Сиэтлде болған атыс оқиғасынан 2 адам қаза тауып, 5 адам жараланды, күдікті ұсталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, атыс күдіктісі қазіргі уақытта полиция қамауында. Оқиға орнында құқық қорғау органдары тергеу жүргізуде. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы толық ақпарат әлі жарияланған жоқ.
