Сиднейдің батысында 58 жастағы әйелдің ұрланып, өлтірілуіне күдікті ер адамға айып тағылды. Полиция әйелдің денесін әлі таба алмаған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция Сиднейдің солтүстік-батысында тұратын 58 жастағы әйелдің сейсенбі күні үйіне оралмағаны туралы хабарлама алған. Оның туыстары полицияға әйелмен соңғы рет дүйсенбі күні сағат 16:50-де байланысқанын, ол Уинстон-Хиллздегі туысымен кездесетінін айтқан.

Әйелдің көлігі келесі күні таңғы сағат 09:30-да Сиднейден батысқа қарай 28 шақырым жердегі Уинстон-Хиллзден табылды. Детективтер бейсенбі күні әйелдің жоғалуына қатысты тергеуді бастап, сағат 13:40-та 33 жастағы ер адамды ұстады.

Күдікті Томеронг қаласының оңтүстігіндегі Наура маңындағы Парнелл Файр Трейл бойындағы орманды алқапта ақ Toyota Hilux көлігінде отырған күйінде табылды. Полиция мәлімдемесінде: "Әйелдің денесі әлі табылған жоқ. Тергеу жалғасуда", - делінген.

Ер адам Наура полиция бөлімшесіне жеткізіліп, онда оған кісі өлтіру және ұрлау баптары бойынша айып тағылды. Ол кепілге босатылмады. Полиция әйелдің денесін іздеу жұмыстарын жалғастыруда.