Сицилиядағы Мессина аймақтық музейінен (MuMe) Қайта өрлеу дәуірінде өмір сүрген Италия суретшісі Антонелло да Мессинаның төрт туындысы ұрланған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Музей директоры Мариза Меркурио мәлімдегендей, ұрлық сенбі күні кешке болған. Қылмыскерлер дабыл жүйесі мен басқа да қорғау құралдарын айналып өтіп, көрме залдарына кірген.

Олар 1473 жылға тиесілі "Әулие Григорий полиптихінің" ағаш бес тақтасының үшеуін, сондай-ақ Мариям ана мен Христос бейнеленген екіжақты иконды алып кеткен. Соңғы туынды арнайы қорғалған броньды сөреде тұрған.

"Біз есеңгіреп отырмыз. Бұл – музей, қала, қоғам және өнер әлемі үшін үлкен шығын", — деді Меркурио. Оның сөзін Corriere della Sera басылымы жариялады.

Музей директорының айтуынша, ұрланған туындылар Мессинаның "ең маңызды әрі танымал екі туындысының" қатарына жатады. Ол құқық қорғау органдары қылмыскерлерді ұстайды деп үміттенетінін жеткізді.