Шанхай ынтымақтастық ұйымы толыққанды халықаралық ұйымға айналды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин Бішкекте Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
"Біздің бастамамыздың осылай жақсы жалғасын тауып, халықаралық ауқымға ие болғанына өте қуаныштымын. Шанхай ынтымақтастық ұйымы толыққанды халықаралық ұйымға айналды", – деді Путин.
Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының Ресей мен Қытайдың бастамасымен құрылғанын еске салды.
