ШЫҰ-ның 25 жылдығына орай өтетін саммит Қырғызстанның 2025–2026 жылдардағы ұйымға төрағалығы аясындағы басты іс-шара болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Саммит қарсаңында Ресей, Қазақстан, Қытай, Үндістан, Иран және ШЫҰ-ның басқа да мүше мемлекеттерінің көшбасшылары екіжақты кездесулер өткізеді. Атап айтқанда, Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кездесуі 31 тамызға жоспарланған. Президенттер шілде айының соңында Омбыда кездескен болатын.