Freedom Афиша командасы Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде зардап шеккендер туралы хабарламаларға алаңдаушылық білдіріп, болған оқиғаның мән-жайын анықтауға құқық қорғау органдарына көмектесуге дайын екенін мәлімдеді. Компания сондай-ақ зардап шеккендер мен куәгерлерге өзімен байланысуға шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
10 қазанда Шымкентте Қайрат Нұртастың концертіне кіреберісте давка болды. Freedom Афишада болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатқандарын хабарлап, қазір ең бастысы — адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі екенін атап өтті.
«Зардап шеккендер туралы хабарламалар бізді қатты алаңдатты. Біз болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатырмыз және осы жағдайға тап болған барлық адамға шын жүректен қайғырамыз», — делінген команданың мәлімдемесінде.
Компания құқық қорғау органдарына өзінде бар барлық ақпаратты, соның ішінде іс-шараны дайындау материалдарын және алаңдағы өз командасының жұмысы туралы деректерді ұсынуға дайын екенін білдірді.
«Біз болған оқиғаның барлық мән-жайын барынша объективті және ашық анықтауға мүдделіміз», — деп атап өтті Freedom Афишада.
«Сахнада 20 жыл» концерті әншінің 20 жылдық шығармашылық қызметіне арналған мерейтойлық тур аясында Қажымұқан атындағы Орталық стадионда өтетіні хабарланған болатын.
Мәлімдемеден белгілі болғандай, концерттің ұйымдастырушысы Show Service компаниясы болды. Freedom Афиша ұйымдастырушы жариялаған квоталар шеңберінде билеттерді сатуды, ал алаңда билеттерді тексеру және білезіктерді беру бойынша волонтерлердің жұмысын қамтамасыз етті. Компанияның ақпараты бойынша, алаңды дайындау, көрермендердің кіруін ұйымдастыру және күзетті тарту оның міндеттеріне кірмеген.
Freedom Афиша командасы болған оқиғаны бірлесіп талдауға және бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру стандарттарын жетілдіруге қатысуға дайын екенін мәлімдеді.
«Біз үшін болған оқиғаның себептерін анықтауға көмектесу, болашақта осындай жағдайларды болдырмау үшін қажетті қорытындылар жасалуы принципті түрде маңызды», — деп атап өтті компанияда.
Болған оқиға туралы ақпараты бар зардап шеккендер мен куәгерлерге +7 771 936 53 53 телефоны немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы хабарласуға өтініш жасалды.
Freedom Афиша тексерілген ақпарат келіп түскен сайын қоғамды хабардар етуді жалғастырады.
