Шымкенттегі «Ордабасы» индустриалды аймағында ірі өрт болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР ТЖМ мәліметінше, өрт Еңбекші ауданындағы Қапал батыр көшесінде орналасқан «Ордабасы» индустриалды аймағының аумағында тұтанған. От пайдаланудан шығарылған жүк дөңгелектері мен құрғақ өсімдіктерді шарпыған.

Өрт салдарынан 50-ге жуық ескі дөңгелек және 200 шаршы метр құрғақ шөп жанып кетті. Өртті сөндіруге Шымкент қаласы ТЖД бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы, «Ордабасы» ЖШС өртке қарсы қызметінің өкілдері және жергілікті атқарушы органдар жұмылдырылды.

Барлық тартылған қызметтердің үйлесімді әрекеттері өртті толығымен жоюға және оттың одан әрі таралуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Өлгендер мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Бұған дейін «Курсив» Шымкенттің Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабындағы қоймаларда болған ірі өрттің жойылғанын хабарлаған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған. Оқиға салдарынан екі адам зардап шегіп, әртүрлі дәрежедегі күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өрттің мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.