Шымкентте дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан 1 келіге жуық бөгде зат алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

2011 жылы туған жасөспірім жедел жәрдем бригадасымен 30 шілде күні сағат 01:12-де ауруханаға жеткізілген. Науқас іші ауырып, тәбеті төмендегенін айтқан және жалпы әлсіздікке шағымданған.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер қарап, қажетті зерттеулер жүргізген. Дәрігерлер тексеру нәтижесінде оның асқазанында көлемді бөгде зат бар екенін анықтады.

Ота барысында дәрігерлер жасөспірімнің асқазанынан трихобеозар (шаштан және басқа да тығыз жиналған бөгде материалдардан түзілетін түйін) алып шықты. Оның салмағы шамамен 1 келі, ұзындығы 30 сантиметр болды.