Шымкентте жасөспірімді пышақтап кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 21 тамызда болған. Белгісіз біреу жасөспірімге пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, оған медициналық көмек көрсетілуде.

Құқық қорғау органдары күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қосымша ақпарат жарияланбайды.