Шымкентте жасөспірім қалалық дендросаябаққа кіре берістегі фудтрак маңында болған жанжалдан кейін ауруханаға жеткізілді. Оқиға 17 тамыз кешке болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның мәліметінше, әлеуметтік желілерде оқиға орнынан фотосуреттер пайда болған. Жарияланым авторы жанжалға қатысушылар фудтрактың кәмелетке толмаған қызметкерлері болғанын айтады.
«Кешке Шымкент дендросаябағына бардық, сондай көріністі көрдік. Кіреберістегі кассаның қасында фудтрак қызметкерлері бір-бірін аяғынан пышақпен жаралады. Бұл не деген заңсыздық, ата-аналар мен басшылық қайда қарап отыр?», — делінген жарияланымда.
Шымкент қалалық полиция департаменті оқиға фактісін растап, сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылар анықталды. Жарақат алған жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы, оның ішінде жанжалдың себептері анықталуда», — деп хабарлады Шымкент қалалық полиция департаментінде.
Сонымен қатар, полиция кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің жауапкершілігі мәселесін қарастыруда.
Бұған дейін «Курсив» Солтүстік Қазақстан облысында мас ер адамның медициналық куәландыруға бара жатқан учаскелік инспекторға пышақпен шабуыл жасағанын жазған болатын. Полицей кесілген жарақат алған, алайда күдіктіні қарусыздандырып, көлікті тоқтата алған. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, фигурант уақытша ұстау изоляторына қамалды.
