Шымкентте құбыр төсеу кезінде екі жұмысшы көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті мәлімдеді.
Полицияның алдын ала мәліметінше, жұмысшылар құдық ішіндегі газдан уланып қалған.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайы және қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда 6 адам кәріз құдығына түсіп, уланып өлген болатын. Оқиға 2 қыркүйекте болған, тексеру қорытындысы жарияланды.
