Шымкентте 10 қазанда Қажымұқан Мұнайтпасов атындағы стадионда өткен концерт барысында 8 адам медициналық көмекке жүгінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, көмекке жүгінген 8 адамның 7-еуі тексеруден кейін үйіне жіберілген.

Зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетіледі, ол мамандардың бақылауында, дейді басқармада.

Желіде әнші Қайрат Нұртастың концертінен видеолар тарап жатыр. Айта кетері, полиция қылмыстық іс қозғаған болатын.