Шымкентте есірткі табылған көлікте полиция қызметкері болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

«Іс-шаралар барысында автокөлікте бейбіт тұрғындармен бірге аудандық полиция бөлімшелерінің бірінің қызметкері болғандығы анықталды. Қызметкер теріс себептермен ішкі істер органдарынан босатылды», — дейді полиция.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайына, оның ішінде бұрынғы полиция қызметкерінің іс-әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.