Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Полиция хабарлағандай, қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
