Шымкент қаласында полицейлер аулада ойнап жүрген балаларға ерекше сый жасады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицейлер коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, ойын алаңдарында су мен көбік шашып, қуанышты көңіл-күй сыйлады. Салқын душтан кейін балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Қала әкімдігі өзінің ресми парақшасында бұл ерекше шараның видеосын жариялады. Айта кетері, бүгін Шымкентте ауа температурасы +43 градусқа дейін көтеріледі. Ертең термометр бағанасы +44 градусқа жетеді деп болжанып отыр.