Шымкентте 27 жастағы әйел күйеуін өлтірді деп күдікке ілініп, ұсталды. Ер адам пышақ жарақатынан қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ерлі-зайыптылар екі қызын балабақшаға жібергеннен кейін жанжал туындаған. Жанжалдың себебін полицейлер анықтап жатыр.
Көршілер отбасының тыныш әрі тату болып көрінгенін, сондықтан болған оқиғаға сену қиын екенін айтты.
«Біз оларды көрдік, қыздарын да білеміз. Әйелдің өзін білемін, ал күйеуімен таныс емеспін, тек көлікпен келіп-кеткенін көрдім. Әйел жақсы адам еді, олардың екі қызы бар», — деді көрші әйел.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ер адам оқиға орнында қаза тапты. Осы факті бойынша әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бағлан Мырзабаев.
