Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінің жанынан 22 жастағы ер адамның денесі табылды. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Қаза тапқан адамды жергілікті тұрғындар байқап, полицияға хабарласқан. Алдын ала болжам бойынша, ол жоғарғы қабаттан құлаған болуы мүмкін.
Тұрғын үй кешенінің тұрғындары болған оқиғаға алаңдаушылық білдірді. Олардың айтуынша, мұндай жағдайлар бұл жерде бірінші рет болып отырған жоқ.
«Тұрғын үй кешенінде биіктіктен құлау салдарынан 22 жастағы жас жігіт қаза тапты. Осы факті бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады Шымкент қаласының полиция департаменті Almaty.tv телеарнасына.
Ер адамның қаза болу себептері мен мән-жайы әзірге анықталып жатыр.
Айта кетейік, бұл оқиға тұрғындардың қауіпсіздігіне қатысты сұрақтарды туындатып отыр. Полиция өкілдері тергеу аясында қосымша ақпарат бермейді. Жергілікті билік өкілдері де әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Қаза тапқан жігіттің жеке басы мен оқиғаның нақты себептері сотқа дейінгі тергеу аясында анықталады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.
