Шымкентте тойға барған қала тұрғыны бес тәулікке қамалды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

34 жастағы қала тұрғыны той кезінде далаға шығып, сигналды тапаншамен аспанға оқ атқан. Осылайша ол басқа адамдарға қауіп төндірген.

Сот шешімі

Сот шешімімен ер адам 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұдан бөлек, түнгі тыныштықты бұзу және қаруды қолдану әрекеті бойынша оған айыппұл салынды.

Айыппұл мөлшері

Айта кетері, тыныштықты бұзғаны үшін 5 АЕК немесе 21 625 теңге, ал қаруды қолданғаны үшін 20 АЕК немесе 86 500 теңге көлемінде айыппұл қарастырылған.

Бұған дейін тойда "музыка - харам" деген ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған болатын.