Шымкент қаласының тұрғыны шетел азаматына қатысты зорлық жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жәбірленуші қорғасын-мырыш өндірісіне инвестиция салу мақсатында келген төрт Қытай азаматын Бәйдібек ауданына алып барған. Іскерлік кездесуден кейін күдікті азамат оны көлігімен жеткізіп салуды ұсынған. Алайда жолда елсіз жерге апарып, зорлық жасаған.

Полиция ресми түсініктеме берді: "Күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.