Шығыс Қазақстан облысындағы Карагужиха өзенінің суы «ерекше» түске боялды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әлеуметтік желіде тараған видеода өзен суының қызғылт-қоңырқай түске енгені көрсетілген. Бұрын-соңды мұндай құбылысты көрмеген тұрғындар алаңдаушылық білдіруде.
Экологтар мен су мамандары өзеннің түсі өзгергенін растады. Олардың айтуынша, экология департаментіне бұл мәселе бойынша ресми өтініштер түспеген, алайда мониторинг жүргізілген.
«Мониторинг аясында 2026 жылдың 26 маусымында Глубокое ауданына қарасты Карагужиха өзенінен су сынамалары алынып, қазіргі уақытта зертханалық талдаулар жүргізіліп жатыр», — деді экологтар.
Мамандардың сөзінше, зертханалық талдау нәтижелері шыққаннан кейін қосымша ақпарат беріледі.
