Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданына қарасты Бобровка ауылында тұрғын үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына дереу жеткен.

Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатыр құлаған.

«Өртті сөндіру барысында әйелдің және екі кәмелетке толмағандардың денелері табылды», — дейді өрт сөндірушілер.

Өрт 63 шаршы метр аумақты шарпыған.

Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.