Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Уварово ауылында өрттен ерлі-зайыпты қаза болды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін 1948 жылы туған үй иесі үйден өз бетінше шығып үлгерген, алайда ол түтінге уланып қалған. Оқиға орнына келген апатты медицина орталығының дәрігерлері реанимациялық шаралар өткізді, бірақ ер адамды құтқару мүмкін болмады.

Өртті сөндіру кезінде ТЖД қызметкерлері 1953 жылы туған үй иесінің әйелінің денесін тапты. Өрт 80 шаршы метр аумақта толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, қаза болған зейнеткерлер ата-анасынан айырылған 19 және 17 жастағы екі немересін тәрбиелеп отырған. Өрт кезінде бойжеткендер үйде болмаған.