Шығыс Қазақстан облысында электр станцияларының негізгі энергетикалық жабдықтарын күрделі жөндеу науқаны аяқталды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жүйелік оператордың жоспарына сәйкес, биыл 8 қазандық агрегаты мен 3 турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді.
«Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 4 қазандық пен 2 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 1 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 1 қазандық күрделі жөндеуден өтті», - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта өңірдегі үш жылу электр орталығы да электр және жылу энергиясын өндіріп жатыр. Станциялар тұрақты жұмыс істеу үшін қажетті отын қорымен қамтамасыз етілген.
Атап айтқанда, Өскемен ЖЭО-да 6 қазандық пен 4 турбоагрегат, Согра ЖЭО-да 3 қазандық пен 2 турбоагрегат, Риддер ЖЭО-да 4 қазандық пен 1 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.
