[Шемонаиха әкімі Егор Драчев әйелдің үстінен сотқа арызданған. Онда әкімнің бұл пікір туралы 2024 жылдың 2 наурызында білгенін айтқан.

««Әкім Драчев қайда? Қазір оның 50 миллион тұратын көліктері бар. Бұл мәселелер оған жат, бұрын әкім еді. Қазір патша», – деп жазған әйел желідегі пікірінде.»

Әкім бұл сөздер оның абыройы мен намысына нұқсан келтіреді деп есептейді.

««Соттан жоғарыда аталған ақпараттың шындыққа жанаспайды және менің ар-намысыма нұқсан келтіреді деп тануын сұраймын», – делінген әкімнің арызында.»

Шемонаиха ауданының әкімдігі сотқа шағым берілгенін растады.