Шығыс экономикалық форумында салмағы 550 келі болатын амур жолбарысының болат мүсіні таныстырылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Санкт-Петербург шеберлері бұл ерекше мүсінді "Болат Қызыл кітабы" жобасы аясында арнайы соққан. Форум аяқталған соң 550 келілік болат жолбарыс Приморье өлкесіндегі "Бикин" ұлттық саябағына жеткізіледі.
Шығыс экономикалық форумының бірқатар сессиясында табиғатты қорғау және амур жолбарысының популяциясын сақтау мәселелері талқыланады. Айта кетері, Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) 1-4 қыркүйек аралығында Владивостокта өтеді.
