Владивостокта өтіп жатқан Шығыс экономикалық форумында (ШЭФ) қол қойылған келісімдердің жалпы құны 69 млрд доллардан асты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ресей президентінің Қиыр Шығыс федералды округіндегі өкілетті елшісі – вице-премьер Юрий Трутнев форумның қорытынды баспасөз мәслихатында бүгінгі күнге дейін қол қойылған келісімдердің жалпы құны 6 триллион рубльден (69 млрд доллар) асатынын мәлімдеді.
Трутнев форумға мыңнан астам компаниядан 2000-нан астам ресейлік және шетелдік бизнес өкілдері қатысқанын да атап өтті.
Шығыс экономикалық форумы 1-4 қыркүйек аралығында Владивостокта өтіп жатыр.
