Владивосток қаласында Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Форумға 70 елден 5 мың қатысушы жиналады. ШЭФ бағдарламасындағы негізгі тақырыптардың бірі – азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту және автономды көлікті енгізу. 2026 жылғы форумның басты тақырыбы – «Қиыр Шығыс – халық игілігі үшін даму».
Форум 1-4 қыркүйек аралығында өтеді. 2025 жылы өткен ШЭФ барысында жалпы сомасы 6 трлн рубль болатын келісімдерге қол қойылған. Ал 2026 жылы энергетика, логистика, өнеркәсіп және ғылым салаларындағы келісімдердің жалпы сомасы 6,5 трлн рубльге жетуі мүмкін.
Форумның алғашқы күнінде «Сұңқар үйі» павильоны ашылды. Мұнда сұңқардың үш түрі – ақ сұңқар, ителгі және лашын қойылған.
