Швейцария Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнатуға ықпал ету үшін делдалдық көмегін ұсынып, шиеленісуші барлық тараптармен байланысын үзбей келеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
«Швейцарияның сыртқы істер федералды департаменті (FDFA) барлық тараппен тығыз байланыс ұстап, бейбітшілікке жол табу мақсатында өзінің делдалдық қызметін үнемі ұсынып келеді», — деді «Известия» тілшісіне Швейцарияның сыртқы істер министрлігі.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Украина қақтығысындағы екі тарап та бейбітшілік келісіміне қол жеткізуге мүдделі екенін мәлімдеді.
Ал Финляндияда Украина бойынша құпия кездесу соңғы сәтте тоқтатылған болатын.
