Швейцария құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының В тобындағы 2-тур ойынында Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Матчтың бірінші жартысында швейцариялықтар басымдыққа ие болып, қарсыластың қақпасына жиі қауіп төндірді, алайда өз басымдылығын голға айналдыра алмады. Босния және Герцеговина қорғаныста сауатты әрекет етіп, үзіліске дейін есепті аша алмады.
Екінші жартыда Мурат Якиннің командасы қысымды жалғастырды, ал бетбұрыс 75-минутта орын алды. Алаңға ауысымнан шыққан Йоан Манзамби әдемі соққымен есеп ашты – 1:0.
Бес минуттан кейін босниялықтардың жағдайы қиындай түсті. Тарик Мухаремович Брель Эмболоның қақпаға шығуын бұзып, тікелей қызыл қағаз алды. Сан жағынан артықшылыққа ие болған Швейцария мұны тез пайдаланды: 84-минутта Рубен Варгас Эмболоның пасынан кейін есепті екі еселеді, ал 90-минутта Манзамби дубль жасады.
Босния және Герцеговина қосымша уақытта бір гол қайтарды. Бұрыштық соққыдан кейін швейцариялық қақпашы допты алдына қайтарып жіберді, ал Эрмин Махмич күшті соққымен айырмашылықты қысқартты – 3:1. Алайда соңғы сөз Швейцарияда қалды: алтыншы қосылған минутта Гранит Джака пенальтиді дәл орындап, түпкілікті есепті 4:1 етіп бекітті.
«Астананың» жартылай қорғаушысы Иван Башич 64-минутта алаңға шығып, Босния және Герцеговина сапында кездесудің соңына қатысты.
Осы жеңістің арқасында Швейцария төрт ұпай жинап, В тобында көшбасшы атанды. Қорытынды турда швейцариялықтар Канадамен, ал Босния және Герцеговина Катар құрамасымен кездеседі.
Матч 19 маусымда Инглвудтағы «СоуФай Стэдиумда» өтті. Голдар: Манзамби 75 (1:0), Варгас 84 (2:0), Манзамби 90 (3:0), Махмич 90+3 (3:1), Джака 90+6-пен (4:1).
