Швецияның орталық бөлігіндегі мектепке жасалған қанды қылыш шабуылының құрбаны 17 жастағы қыз болған. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2026 жылдың 21 тамызында, жұма күні Стокгольмнің солтүстік-батысындағы Фагерста қаласындағы Бринелл мектебінде (Brinellskolan) болған. 18 жастағы ер адам қылышпен мектепке шабуыл жасап, бір адамды өлтіріп, тағы екі адамды ауыр жарақаттаған.
Полиция сенбі күні құрбанның 17 жастағы қыз екенін растады. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр, шабуылдың себебі әлі белгісіз. Қоғамдағы адамдар мектеп алдына гүл шоқтары мен шамдар қойып, құрбандарды еске алуда.
